Меню KDT

КММ Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінде 15 наурыз күні ата-аналар жиналысы өткізілді. Онда мектептің ішкі тәртіп ережесіне сай оқушылардың  мектеп фомасын сақтауы туралы тәрбие жөніндегі орынбасары Д.А.Кусаинова мектептің тәрбие жұмысынан есеп беріп, салйдпен таныстырып өтті. Мектептің ішкі тәртіп ережесіне сай оқушылардың мектеп формасын сақтауы туралы ҚР "Білім заңының " 49 бабының екнш тармағы және де ҚР "Білім заңын" 47 бабының 15 тармағы бойынша таныстырды. 

Тамақтану туралы

Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл ОМ оқушыларының  тамақтануы туралы мағлұматтар берілуде.  Оқу жылының басынан бастап барлық оқушылар буфеттік тамақтанумен қамтамасыз етілген болатын. Көп балалы және жалғыз басты отбасыларының 12 баласы демеушілер тарапынан тегін буфеттік тамақтану түрімен қамтамасыз етілген. Буфеттік тамақтанудың орташа құны – 80 теңгені құрайды. Оқушыларға СанПин талаптарына сай мәзірге рұқсат етілген тамақ түрлері дайындалады. Оқушылар тамақтану сапасына қанағаттануда және ата-аналар тарапынан әзірше шағымдар түспеді. Мектеп әкімшілігі мен медбике тамақтану сапасын бақылауда ұстайды. Дұрыс тамақтану бойынша бастауыш сыныптарда сыфнып сағаттары , орта және жоғары буын оқушылары арасында дөңгелек үстелдер 2019 жылдың қаңтар мен ақпан айларында  «Дұрыс тамақтану дегеніміз не?»  деген тақырыпта өткен болатын.сонымен қатар оқушылар тамақтану жайында  әртүрлі видеокөрсетілімдер тамашалады. Ата-аналармен кездесулерде дұрыс тамақтану бойынша ақпараттар беріліп көп мағлұматтармен таныстырылды. Сонымен қатар мектеп асханасындағы тамақтану бұрышында қажетті ақпараттар әр кезі ауыстырыл отырады. Бастауыш оқушыларының қолды жуу яғни санитарлық гигиеналық ережені сақтау,  дұрыс тамақтану режимі,  тамақтардың пайдалану реті таныстырылып көптеген мағлұматтар берілді.

Медбике тамақтану кезінде дұрыс тамақтанудың пайдасы мен оны сақтау туралы әңгіме жүргізді. Сынып сағаттарында да осы сұрақтар  төңірегінде әңгімелер жүргізілді.



Просмотров: 393

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда19
  • Осы аптада2
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки