Меню KDT

КММ Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінде 15 наурыз күні ата-аналар жиналысы өткізілді. Онда мектептің ішкі тәртіп ережесіне сай оқушылардың  мектеп фомасын сақтауы туралы тәрбие жөніндегі орынбасары Д.А.Кусаинова мектептің тәрбие жұмысынан есеп беріп, салйдпен таныстырып өтті. Мектептің ішкі тәртіп ережесіне сай оқушылардың мектеп формасын сақтауы туралы ҚР "Білім заңының " 49 бабының екнш тармағы және де ҚР "Білім заңын" 47 бабының 15 тармағы бойынша таныстырды. 

хаттама

Хаттама № 1

 

Қамқоршылық кеңестің отырысы

А.Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебі

Өткізілген уақыты: 12.10.2018 жыл

Өткізілген орны: Директор кабинеті

Отырыстың басталуы: 17.00 сағ.

Отырыстың аяқталуы: 17.50 сағ.

Отырыстың төрағасы: А.А.Абаильдин

Қатысқандар: Мектеп директоры – С.Е.Разахова

М.Б.Аскаров, А.О.Жакупова,

Қатыспағандар: Жоқ

Шақырылғандар: Тәрбие ісінің меңгерушісі – А.А.Толекеева

 

Күн тәртібі:

  1. Мектептің қамқоршылық кеңесінің нұсқауымен танысу.
  2. Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөлу (төрағасы, орынбасар, жауапты хатшы).
  3. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары..
  4. Сыныптан тыс ертеңгіліктерді ұйымдастыру және өткізу.
  5. Әр түрлі мәселелер

 

Тыңдалды:

Тыңдалды: Мектеп директоры Разахова Салтанат Ерсайынқызы сөйледі:
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры С.Е.Разахова жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті. Онда бірінші сұрақ бойынша сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27шілдедегі №355 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017жылғы 29 тамызда №15584 болып тіркеген хатын,«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9 тармағын, Талғар ауданының « Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы №5-Н бұйырығын басшылыққа ала отырып «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың туралы» ережесімен таныстырып, қамқоршылық кеңес мүшелерін ата-аналар арасынан сайлау, сайланған ата-аналар мектепке демеушілерді тартуы немесе ата-аналар тарапынан демеуші болуы керектігін де атап өтті. 
Келесі кезекте мектептің әлеуметтік педагогы Базаров Оркен Исатайұлы сөз алып, қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы толық ақпарат берді. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы арту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды. 
А) Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
Ә) Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту. 
Б) Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
В) Мектеп ұжымы жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
Г) Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау мақсатында әлеуетін күшейту.
Ғ) Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
Д) Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына, сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
2. Тыңдалды: ата-аналар сөз сөйледі
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған ата-ана Ералина Қарлығаш апай Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен Қамқоршылық кеңес төрағасына Арман Аликулович қайта сайланды. 

3. Тыңдалды: күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрағасы Аскарова Динара Мерекеевна қамқоршылық кеңесінің құрылғанын қолдап, сайланған кеңес мүшелерін құттықтап, ендігі жолда бірауыздан кеңес жұмысын дұрыс жүргізейік деп атап өтті.

Шешім: 
1. Ата-аналар Қамқоршылық кеңес мүшелерін бірауыздан сайлады. Олар: 
Қамқоршылық кеңес төрағасы: А.А.Абаильдин

Хатшы: Д.А.Кусаинова 
Қамқоршылық кеңестің мүшелері : А.А.Толекеева, М.Б.Аскаров, Мендібай Аскаров, Қ.А.Ермағамбетов, С.Е.Какашева, А.Е.Нуралина, Г.А.Билялова
2. Жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға бірінші кезекте көмек беру ұйғарылды.

Төртінші сұрақ бойынша сыныптан тыс ертеңгіліктердің ұйымдастырылуы мен өтілу барысы жайлы тәрбие ісі меңгерушісі мәлімет берді.

 

Қаулы:

  1. Мектептің қамқоршылық кеңесінің нұсқауы « Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы №5-Н бұйырығын басшылыққа ала отырып «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың туралы» ережесі қабылдансын.
  2. Кеңес мүшелерінің міндеттері қабылдансын
  3. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары бекітілсін
  4. Сыныптан тыс ертеңгіліктерді ұйымдастыру және өткізу міндеті тәрбие жөніндегі орынбасары А.А.Толекееваға жүктелсін.

 

 

Кеңес төрайымы:                 А.А.Абаильдин

Хатшы:                                  Д.А.Кусаинова



Просмотров: 367

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда54
  • Осы аптада8
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки